Алматы аймақтық көпсалалы клиникасында семинар өтті

 

Қырқұйек 13, 2023

2023 жылдың 13 қыркүйегінде Алматы аймақтық көпсалалы клиникасы медициналық қызметкерлеріне арнап «АИТВ жұқпасының этиологиясы, эпидемиологиясы, диагностикасы, клиникасы және алдын алу іс-шаралары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Алматы облыстық ЖИТС орталығының жұқпалы аурулар дәрігері С.Махмутова семинарды ашып, АИТВ жұқпасының клиникасы мен емі, АИТВ-жұқпасымен өмір сүретін науқастардың АРТ-ға бейімділігі, оларға медициналық көмек көрсету жағдайларын айтып берді.

Ал эпидемиолог дәрігерлер С.Нұрлыбаев пен А.Ахметбеков  аймақтағы соңғы эпидемиологиялық ахуалға тоқталып, ҚР ДСМ бұйрықтарына сәйкес клиникалық көрсетілімдер бойынша науқастарды АИТВ жұқпасына тексеру, апаттық жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі, медициналық құпияны сақтау жайын түсіндірді.    

Семинар соңы сұрақ-жауапқа ұласты. 23 медициналық маман қамтылды.

барлық жаңалықтар »