Павлодар телеарналарында - АИТВ туралы әңгіме

 

Қырқұйек 15, 2023

Павлодар облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі орталығының дәрігер-эпидемиологы Динара Рахманова «Ирбис» өңірлік телеарнасында «Айтарым бар» бағдарламасының қонағы болды.

Мемлекеттік тілдегі 20 минуттық бағдарламада маман жүргізушінің түрлі сұрақтарына жауап берді. Өз ана тілін жақсы меңгерген тәжірибелі дәрігер көрерменге қажетті ақпаратты жеткізе алды. АИТВ-инфекциясының берілу жолдары қандай, инфекцияны жұқтырмау үшін қандай жеке қорғаныс құралдарын қолдануға болады және біздің облысымызда АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдай қандай.

«Арна» жарнамалық-ақпараттық агенттігінің «Ирбис» Павлодар телеарнасы барлық әлеуметтік желілерде ұсынылған. «Айтарым бар» әлеуметтік бағдарламасы YouTube-те де орналастырылған.

 

барлық жаңалықтар »