ИЕҚТ-ды АИТВ-ға тестілеу бойынша жұмыс кеңесі

 

Тамыз 8, 2023

2023 жылғы 08 тамызында Петропавлда ЖИТС орталығы, Психикалық денсаулық орталығы мен Алғашқы психикалық денсаулық орталықтардың мамандарымен жұмыс кеңесі өтті. Күн тәртібінде – ИЕҚТ-ды (инъекциялық есірткі қолданатын тұлғалар) АИТВ-ға тестілеумен қамтуды ұлғайту мәселесі.

 Кездесуге қатысушылар СҚО-дағы АИТВ және есірткі ахуалы бойынша ағымдағы эпидемиялық жағдайды, проблемалық мәселелерді талқылап, өзекті мәселелерді шешу тактикасын әзірледі.

Кездесу қорытындысы бойынша әрбір қатысушы ұйымға ИЕҚТ-ды тестілеумен қамтуды арттыру туралы берілген тапсырмалар бойынша  шешім шығарылды.

Оның ішінде алкогольдік және есірткілік масаңдықты сараптау кабинетіне медициналық куәландыруға жеткізілетін психоактивті заттарды инъекциялық қолдануға күдікті адамдарда АИТВ-инфекциясының бар-жоғына ерікті және құпия тексеруді ұсыну.

ЖИТС ОО эпидемиологиялық бөлімінің және зертханасының мамандары тиісінше ПДО және АПДО мамандарына ИЕҚТ арасында АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсететін болады. Сондай-ақ тұрақты негізде есепке қою кезінде және әрбір 6 ай сайын ИЕҚТ АИТВ-инфекциясына тексеру мониторингін жалғастырады.

Жоспарланған шаралар ИЕҚТ-ды бір реттік тестілеумен қамту бойынша көрсеткіш 2023 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша 72%-дан кем емес, жыл соңында - 95%-ға қол жеткізуге ықпал етуі тиіс.

барлық жаңалықтар »