Халықаралық деңгейде танылған

 

Шілде 21, 2023

Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының диагностикалық зертханасы Ұлттық аккредиттеу орталығы берген ҚР СТ ISO 15189-2015 талаптарына сәйкес аккредиттеуден өтті. Бұл туралы ағымдағы жылдың 29 маусымында белгілі болды.

- Бұл орталықтың үлкен жетістігі. Енді биоматериалдарды алу және АИТВ, В, С вирустық гепатитін диагностикалау біздің орталықта халықаралық стандарттар бойынша жүргізілетінін, бас дәрігер- Курманбек Бурмаганов бөліседі.

Айта кетсек, орталықтың диагностикалық зертханасы мынадай төрт бөлімшеден тұрады: иммуноферменттік талдау, клиникалық-биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер және полимеразды тізбекті реакция (ПТР) бөлімшесі. Ол халықаралық талаптар бойынша, зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи автоматты жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған.

2023 жылдың 6 айында Орталық АИТВ-ға 78 мыңнан астам, вирустық гепатитке 40 мыңнан астам және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға 1 мыңнан астам тест жүргізді.

Жоғары біліктілік санатындағы зертханашы дәрігер- Людмила Маслованың айтуынша, аккредиттеу аттестатын беру зерттеудің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін барлық міндеттердің орындалғанын білдірмейді, бірақ зертхананың күнделікті тәжірибелік қызметіне жоғары талаптар қояды. Бұл – зертхана мамандарының кәсіби шеберлігі, халықаралық стандартқа сай заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуі және жыл сайынғы стандарт талаптарына сәйкестігіне аудит жүргізу.

Айта кету керек, аккредиттеу – аккредиттеу органының өтініш берушінің сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласындағы жұмыстарды орындау құзыретін ресми тану рәсімі. ҚР СТ ISO 15189-2015 "Медициналық зертханалар. Сапа мен құзыреттілікке қойылатын талаптар" стандарты Қазақстан Республикасында 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілді. Осы стандарттың негізгі мақсаты меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау саласындағы зертханалық қызметті дамыту және жетілдіру болып табылады.

Медициналық зертханалардың стандартты енгізуі тұтынушыға халықаралық деңгейде медициналық қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін зерттеулердің жоғары дәлдігіне кепілдік беріп, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы медициналық мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Медициналық ұйымның бас дәрігері атап өткендей, бүгінде орталықта қан алу кабинетінен бастап нәтижелерді беруге дейінгі сапалы зертханалық зерттеулер жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

– Өз жұмысына берілген, жеке және кәсіби құзыреттілігін дамыту жолында үнемі ізденіс үстінде жүрген білікті медицина қызметкерлері, АИТВ-инфекциясы, вирустық гепатит диагностикасы, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың иммундық мәртебесі  мен вирустық жүктемесін анықтауға арналған заманауи медициналық жабдықтар, барлық стандарттарға сай бөлмелер біздің орталықтың жетістігі мен халықаралық мойындалуының құрамдас бөліктеріне айналды- деп, бас дәрігеріміз Курманбек Жумабекович атап өтті.

Қорытындылай келе, медицина қызметкерлері вирусты ертерек анықтау емдеуді уақтылы бастауға, пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға және инфекцияның таралуын болдырмауға мүмкіндік беретінін еске салады. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың өмірін сақтау тестілеуден басталатынын және бұл үшін орталықта барлық қажетті жағдайлар жасалғанын түсіну маңызды.

барлық жаңалықтар »