Павлодар супермаркеттерінде - АИТВ туралы бейнероликтер

 

Шілде 12, 2023

Павлодар АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы облыс тұрғындарының АИТВ мәселелерінде хабардарлығын арттыру бойынша ақпараттық саясатты жалғастыруда.

Көктемде облыстық орталығы қалалық көлікте АИТВ-ның алдын алу бойынша бейнероликтер көрсетуге бастамашы болды. Павлодардың 35 автобусында мемлекеттік және орыс тілдерінде АИТВ жұқтыру жолдары туралы бейнероликтер көрсетілді.

Кейінірек АИТВ-инфекциясының тақырыбы көшеде көпшілік назарына ұсынылды. Қала орталығындағы ең үлкен LED экран АИТВ-ға қарсы қорғаныс туралы бейнені көрсетті.

Жазғы демалыстың басталуымен облыс орталығының 6 сауда үйі мен 30 супермаркетінде АИТВ туралы бейнероликтер көрсетіледі. АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығына «Ирбис» телеарнасы мен «Наша жизнь» газетінің редакциясы ақпараттық қолдау көрсетеді.

барлық жаңалықтар »