"Витилиго: проблемалары мен перспективалары"

 

Маусым 25, 2023

25 маусымда Дүниежүзілік витилиго күні аясында Түркістан облысының Дерматовенерологиялық диспансерінде ҚДИАҒО мамандарының қатысуымен "Витилиго: проблемалары мен перспективалары" атты дөңгелек үстелі болып өтті.

Қатысушылар Қазақстанның дерматологтары витилигоны емдеудің жоғары тиімді әдістерін енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті. Ал Шымкентте елімізде алғаш рет түрлі инновациялар енгізілді: 2010 жылы - алғашқы фототерапиялық қондырғы, 2015 жылы - хирургиялық әдіс.

Түркістан облысының Дерматовенерологиялық диспансері жақын арада 100 жылдық мерейтойын атап өтпек. Мұнда түрлі ауруларды, соның ішінде витилигоны емдеудің үлкен тәжірибесі жинақталған.

- Витилиго сияқты емдеуінде прогресс болатын бірде-бір ауру жоқ. Соның арқасында ғалымдардың, дәрігерлердің және сақтандыру компанияларының назарын осы витилго ауруына тартуға мүмкіндік болды. Бүгінде біз аурудың шығу тегін барынша жақсы түсінеміз. Егер бұған дейін туындау, даму механизмі де түсініксіз болса, қазір біз аурудың жекелеген түрлеріне дейін түсінеміз, әр жағдай үшін емдеудің өзіндік тәсілдерін қалыптастыра алатын дәрежеге жеттік", — деп атап өтті халықаралық сарапшы, Витилигоны зерттеу қорының (АҚШ) бас директоры, "Витилигоға арналған нұсқаулық" халықаралық бестселлерінің авторы Ян Валле.

барлық жаңалықтар »