АИТВ мәселелерін өңір дәрігерлерімен талқылау

 

Сәуір 6, 2021

АИТВ мәселелерін өңір дәрігерлерімен талқылау

 

Павлодар ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығының ZOOM алаңында облыстың медициналық ұйымдарының дәрігерлері АИТВ-жұқпасының өзекті мәселелерін: халықтың негізгі топтары арасындағы жұмысты, жыныстық жолмен берілетін жұқпалар бойынша жағдайды, терінің жіті жұқпалы ауруларын талқылады.

 «Өзіңді туберкулезден қорға!» ұлттық бағдарлама шеңберінде ЖИТС орталығының фтизиатр дәрігері Е.Головченко АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдардағы туберкулез туралы баяндай отырып, қатысушылардың назарын оны диагностикалауға аударды. Негізгі белгілері – жөтел, дене қызуының көтерілуі, салмақ жоғалту, терлеу. Облыстық туберкулезге қарсы диспансердің дәрігері әріптесінің ақпаратын толықтырды: науқаспен тығыз байланыста болған адамдарға ауру туралы хабарлауы, оларды тексеруден өту үшін дәрігерге баруға көндіруі қажет.

Семинарда қорлау және кемсітушілік мәселесі де талқыланды. Мәліметтерге сәйкес, АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдардың жартысынан көбі қорлауға, үштен бірі кем дегенде кемсітушіліктің бір түріне тап болған. Мұның бәрі адам құқықтарының бұзылуы болып табылады, бұған ХХІ ғасырда жол берілмейді.

Семинарға 25 дәрігер қатысты.

барлық жаңалықтар »