Қазақстандық Teenergizer белсенділерінің марапаттары

 

Қантар 18, 2021

  29 желтоқсанда ҚР ДСМ ҚДИАҒО жанындағы Жастар ресурстық орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Жаһандық ынтымақтастық. Жалпы Жауапкершілік» ұранымен Дүниежүзілік науқанды өткізуге қатысқаны үшін Қазақстандық Teenergizer белсенділерін марапаттау рәсімі болып өтті.  

Балаларды ҚДИАҒО директоры Б. Байсеркин жылы қабылдап, жасөспірімдердің белсенділігін жоғары бағалады, оларға жастарды тәрбиелеуде, созылмалы аурулармен байланысты стигма мен кемсітушілікке қарсы тұруда мықты болуға шақырып, болашақта жетістіктер тіледі.

                                                                     

Бұл жағымды жаңалық қазақстандық тинержайзерлердің үлкен досы - Тинержайзер қозғалысын ұйымдастырушы украиндық Яна Панфилованың Алматыға менторлық сапарымен сәйкес келді. Яна Қазақстанның АИТВ індетіне тартылған балалар мен жасөспірімдерді қолдауға деген жоғары бейілділігін сондай-ақ, ҚДИАҒО жанында жұмыс істейтін Жастар ресурстық орталығының бірегейлігін атап өтті.

                        

барлық жаңалықтар »