Ақмола облысында педагогтармен онлайн-семинар өтті

 

Қараша 23, 2020

2020 жылдың 20 қарашасында Ақмола облыстық ЖИТСпен күрес және алдын алу орталығының бастамасымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күніне орайластырылған, ZOOM платформасында мектептер мен колледждер директорларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен, аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлерімен "COVID-19 пандемиясы жағдайында білім беру жүйесінде АИТВ-инфекциясы мен нашақорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері" тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараның модераторы Ақмола облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы бөлімінің маманы- Кира Цуневская, ал семинар сабағының жүргізушілері ПД ЕҚКБ аға жедел уәкілі - Разия Курсанова, ЖИТС орталығының алдын алу жұмысы бөлімінің маманы-Нурлыбек Конуспаев және СӨС орталығының психологы - Эсет Куссиева болды. Олараймақтың білім беру жүйесінде COVID-19 пандемиясы жағдайында АИТВ-инфекциясы мен нашақорлықтың алдын алу тақырыбын талқылады.

 

Сонымен бірге, корона вирус біздің өмірімізге жағымсыз түзетулер енгізгеніне қарамастан, барлық азаматтар өздер іүшін де, жалпы қоғам үшін де әлеуметті кжауапкершілік танытуы керек, өйткені халықаралық ынтымақтастық пен жалпы жауапкершілік бізден халықаралық денсаулық сақтау жүйесінің, соның ішінде ЖИТС-ке қарсы іс-қимылды қайта қарастыруды талап етеді.

Н.Конуспаевтың айтуынша, облыс бойынша АИТВ-оң мәртебесі бар ЖОО мен ООМ-да 4 оқушысы мен 11 студенті кумулятивті тіркелген, бұл, әрине, педагогтардан АИТВ-инфекциясының берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы жоғары хабардар болуды талап етеді, өйткені бұл мәселед ебілім деңгейінің төмендігі АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітуге ықпал етеді.

Соңғы уақытта наша қорлардың айналымына енгенз аманауи синтетикалық есірткілертуралы, сондай-ақ Республика заңнамасының кейбір құқықтық аспектілер ітуралы Разия Курсанова айтып берді, ал СӨС орталығының психологы пандемия жағдайында білім беру жүйесінде алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру механизмдері туралы бөлісті

барлық жаңалықтар »