Павлодарда онлайн-семинар

 

Қырқұйек 25, 2020

Павлодар ЖИТС орталығы облыстың білім беру басқармасымен бірлесе орта және орта-арнаулы оқу орындарының директор орынбасарларына «АИТВ-жұқпасының таралуын және жасөспірімдер мен жастар арасында психикалық белсенді заттардың қолдануын алдын алу» тақырыбында онлайн-семинар өткізді.

 

Облыстың педагогикалық белсенімінің алдында АИТВ-жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдай және жастар арасындағы алдын алу бағдарламалары туралы ЖИТС орталығының педагогы Г. Турдинова баяндады. Онлайн-семинардың спикерлері мен модераторлары өзекті тақырыптардың бірі нашақорлықты алдын алу және психикалық денсаулықты дамыту мәселелерін де атап өтті. Ертістің Павлодар өңірінде өткен семинарға 100 педагог қатысты. Спикерлер бейнеконференция қатысушыларының сұрақтарына да жауап берді.

барлық жаңалықтар »