АИТВ – ты өмір сүру үшін білу қажет

 

Қырқұйек 24, 2020

2020 жылдың 22-ші қыркүйегінде  Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын-алу және күресі жөніндегі орталығының, алдын-алу бөлімінің меңгерушісі Тулекбаева Нагима Таштайқызы, Орталық-Қазақстан академия студенттеріне онлайн-лекция жүргізді.

Онлайн режимінде қатысушыларға АҚТҚ мен ЖИТС-тың  не екендігі мен берілу жолы айтылды. Қарағанды ​​облысындағы эпидемиологиялық ахуалы  жайлы атап  өтілді.

 

Интерактивті кездесудің басты мақсаттарының бірі - жастардың назарын АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС тақырыбына аудару, әр адамның АИТВ-инфекциясының таралу жолдары туралы толық және сенімді ақпаратқа қол жетімділігін қамтамасыз ету, қорғаныс шаралары және инфекцияны жұқтырған жағдайда кемсітушілікті жою.

Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, көптеген сұрақтар қойды. Лекцияға 79 студент қамтылды.

барлық жаңалықтар »