Петропавлда оқушыларға арналған онлайн-сабақтар

 

Қырқұйек 18, 2020

2020 жылғы 18 қыркүйекте Петропавлда ЖИТС облыстық орталығы базасында Өнер колледжінің оқушылары үшін «АИТВ! Өзіңді қорға, адам!» тақырыбында онлайн-сабақ өткізілді.

 

Онлайн-сабақты ЖИТС орталығының маманы Оксана Симухина Zoom платформасы арқылы өткізді.

Жастарға АИТВ-ның берілу жолдары және жұқтырудың алдын алу жолдары туралы еске салынды

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында Оксана Симухина тақырыптық презентация мен бейнефильмді пайдаланды. Алған білімдерін бекіту үшін сабақ соңында «сұрақтар мен жауаптар сағаты» өткізілді.

барлық жаңалықтар »