АИТВ емдеу туралы — Павлодар радиосында

 

Қырқұйек 15, 2020

«Халық радиосының» эфирінде Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталықтың терапевт дәрігері
Ж. Узбеканова АИТВ-мәртебесі оң тұлғалардың антиретровирустық терапиясы тақырыбында мемлекеттік және орыс тілдерінде сөз қозғады.

 

Терапия диагноз қойылғаннан кейін дереу басталуы керек. Вирусқа, оның өмір сүру циклына тікелей әсер ететін, оның көбеюіне кедергі келтіретін дәрі-дәрмектер таңдалады. Қазіргі таңда АИТВ-жұқпасын емдеу үшін 20-дан астам тіркелген дәрі-дәрмектер бар. Вирустардың санын азайту иммундық жүйенің одан әрі зақымдануына жол бермейді.

         Павлодар ЖИТС орталығында медициналық және психологиялық көмек көрсететін психотерапевт, инфекционист, терапевт, эпидемиолог, дерматолог дәрігерлері жұмыс істейді. Сондай-ақ, дәрігер облыс тұрғындарының сұрақтарына екі тілде жауап берді. 

барлық жаңалықтар »