Көкшетауда жастар акциясына 500-ден астам адам қатысты

 

Желтоқсан 6, 2019

2019 жылдың бесінші  желтоқсанында "Көкшетау" мәдениет сарайында Дүниежүзілік ЖИТС-пен  күрес науқанына арналған кең ауқымды жастар акциясы өтті.

         Ақмола облыстық ЖИТС-пен  күрес және алдын алу орталығы мәдениет сарайының фойесінде ақпараттық бұрыш ашып, онда әрбір тілек білдіруші АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру материалымен танысып, мамандардың кеңестерін ала алды.                                                  

Акцияда әндер шырқалып, би ансамбльдері өнер көрсетіп, бейнероликтер көрсетілді. Ал, орталық еріктілері және облыс орталығының тұрғындары дайындаған АИТВ-мен өмір сүретін жас адамның тарихы туралы театрландырылған қойылым көрермендердің көңілінен шықты.                 

«АИТВ-мен өмір сүру» журналистер мен блогерлер арасында ең жақсы жариялау байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, онда бірінші орынды «Степной Маяк» газетінің тілшісі - Наталья Яковлева «Мне бы в небо…» мақаласымен, ал екінші орынды «Bulandy aqparat» ақпараттық агенттігінің тілшісі Айгуль Аманжоловаға «АИТВ-пен өмір: әрқашан жақсылыққа үміт артамыз» атты материалмен алды және «Kazinform» Халықаралық ақпараттық агенттігінен Оксана Матасова, «АИТВ індетін жұқтырған адамдарда сау бала дүниеге бола алады ма?» жүлделі үштікті түйіндеді.

         Инстаграмм әлеуметтік желісіндегі «Мен АИТВ-ның алдын алу» атты ең жақсы бейнеролик байқауында Бурабай ауданының А.И.Досов атындағы Қотыркөл орта мектебінің оқушысы Байманова Перизат, екінші орынды ҚАЖ департаментінің пробация қызметкерлері, үшінші орынды Сабыржан Абылайхан жеңіп алды. «ЖАЗЫЛУШЫЛАРДЫҢ ТАҢДАУЫ» номинациясында Көкшетау қаласының №12 орта мектебінің оқушылары үлкен марапатқа ие болды. Барлық жарыстардың жеңімпаздары дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

         Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқанына белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен, Ақмола облысының жастар денсаулық орталығы, «Любимый город Кокшетау»  газетінің редакциясы, Орталық қалалық модельдік кітапханасы, Көкшетау қаласының №16 орта мектебі марапатталды.  Іс-шараға 500-ден астам адам қатысты: Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері.

Нурлыбек Конуспаев, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы алдын алу бөлімінің социологы

барлық жаңалықтар »