Ақмола облысында педагогтарға арналған оқыту семинарлары және колледж студенттерімен кездесулер

 

Қазан 14, 2019

Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының алдын алу  мамандары полиция департаментінің есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасымен, Ақмола облысының білім басқармасымен, "Сенім" есірткіге тәуелділерді оңалту орталығымен бірлесіп 2019 жылдың 9-14 қазаны аралығында Көкшетау қаласындағы колледждердің педагогтары мен психологтарына арналған АИТВ-инфекциясының, есірткі тұтынудың және есірткі қылмыстарының алдын алу бойынша оқыту семинарлары өткізілді.

Сонымен қатар колледж студенттерімен кездесулер өткізілді, онда Ақмола облыстық ЖИТС орталығының мамандары Ақмола облысындағы АИТВ-инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды таныстырды, жұғу жолдары туралы айтты, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың стигмасы мен кемсітушілік мәселелерін қозғады.

        Есірткіге тәуелділерді оңалту орталығының емделушілері есірткінің зияны туралы театрландырылған қойылым көрсетіп, оқушылар мен педагогтарға өздерінің жеке тарихын айтып берді. "Сенім" орталығының психологымен педагогтар үшін пациенттердің қатысуымен тренинг өткізілді.

     Көкшетау қаласында барлығы 8 колледж қамтылды, педагогтар үшін 8 оқыту семинарлары және колледж оқушыларымен 8 кездесу өткізілді. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары облыс аудандарында 13 колледжде жалғасады.

       Педагогтар жасөспірімдер мен жастар арасында синтетикалық заттарды тұтыну жағдайының күрделенуіне, сондай-ақ инъекциялық есірткіні тұтынатын адамдар арасында АИТВ-жұқпасымен сырқаттанушылықтың өсуіне байланысты оқыту семинарларын өткізудің маңыздылығы мен уақтылылығын атап өтті.

барлық жаңалықтар »