Семейде Мемлекет Басшысының жолдауын талқылау

 

Қазан 14, 2019

2019 жылдың 11 қазан күні Семей қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымында медицина қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Президент өз Жолдауында қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. ЖИТС орталығының медицина қызметкерлері әлеуметтік саланы жақсартуға және медициналық қызметтерді жетілдіруге бағытталған реформалардың басталуын белсенді түрде оқып, қолдайды. 

Халықтың әл-ауқатының құрамдас бөлігі өмір сүру деңгейінің өсуі болып табылады. Білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, жайлы және қауіпсіз өмір сүру мәселелері әрбір қазақстандық отбасына қатысты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың енгізілуіне түсініктеме берді.

- "Әрқайсысына жеткізгім келеді: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілді көлемін сақтап келеді. Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыруды жүзеге асыру мәселесіне барынша жауапкершілікпен қарау керек. Бізде қате құқығы жоқ".

Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған жаңа міндеттер қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға сәйкес келеді және елдің одан әрі тиімді дамуына, экономиканың және халықтың әл-ауқатының өсуіне ықпал ететін болады.

барлық жаңалықтар »