Ішкі істер саласындағы түсіндіру жұмыстары

 

Мамыр 29, 2019

2019 жылдың 20-22 мамыр аралығында Халықаралық ЖИТС- тен  қайтыс болғандарды еске алу күніне орай Атырау облыстық ЖИТС орталығының мамандары Ішкі істер департаментінің мекемелеріндедәрістер   өткізіп, 135 тен астам адам қатысты.

Шара барысында қызметкерлерге АИТВ инфекциясы туралы, жұқпаны жұқтырған адамдармен, АИТВ-сы жоқ адамдар бірге  өмір сүруге болатындығы,аурудың алдын-алу шаралары түсіндірілді.

Кездесу барысында  АИТВ жөнінде бейне фильм  көрсетіліп, алдын алу шаралары туралы  ақпараттық-ағарту материалдары  таратылып,  қойылған сұрақтарға жауап берілді.

барлық жаңалықтар »