Атырау облысындағы пенитенциарлық мекемелеріндегі акциялар

 

Мамыр 29, 2019

2019 жылдың  17-21 мамыр аралығында №157/1, №157/9, №157/11 пенитенциарлық  мекемелердің ұйымдастыруымен ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу  күніне арналған акциялар өтті.

Акцияға ЖИТС орталығының мамандары, мекеме басшылары мен  қызметкерлері қатысты. ЖИТС орталығының мамандары негізгі  мақсат – адамзаттың назарын АИТВ/ЖИТС-тің таралу мәселесіне, адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырғандарды әлеуметтік қорғау мәселесіне аудару туралы түсінік берді.

   Бас бостандығынан айырылғандар мен  тергеу  изоляторына  келіп  түскендер қойылымдар көрсетіп, концерттік,  спорттық бағдарламалар ұйымдастырды. Қатысушыларға буклеттер таратылды.

барлық жаңалықтар »