Молдовадан келген Делегация Алматы қаласы ЖИТС орталығында

 

Мамыр 29, 2019

28 мамырдаМолдова Республикасының Бельцы қаласы делегациясының өкілдері Алматы қаласы ЖИТС Орталығында болып қайтты.

Делегация құрамында мемлекеттік және үкіметтік емес құрылымдардың өкілдері бар. Сапар мақсаты-Бельцы және Алматы қалалары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту , Алматы қаласында АИТВ және туберкулез бойынша бағдарламаларды жүзеге асыруда тәжірибе және озық әдістермен алмасу.

Делегация қатысушылары орталықтың жұмысымен, зертханалық жабдықтармен, АИТВ бойынша эпидемиологиялық жағдаймен, халықтың негізгі топтарына арналған бағдарламалармен танысты. Молдовадан келген әріптестер қаржыландыру механизмдерінің, ҮЕҰ қызметінің, жұмыс регламенттерінің мәселелерімен танысты.

барлық жаңалықтар »