Көкшетауда "Сенің таңдауың" акциясы

 

Сәуір 24, 2019

2019 жылы 23 сәуірде Ақмола облысындағы  Ү. Ыбырай атындағы облыстық филормониясында "Сенің таңдауың" атты кең ауқымды акциясы өтті.Оның ұйымдастырушылары Ақмола облысы полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Көкшетау қаласының ІІБ КҚПБ ювеналды полиция бөлімі, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, қалалық емхана жанындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы болды           .

Акцияда қазіргі заманғы хиттер, полиция департаментінің қызметкерлері, шығармашылық ұжымдардың орындауында әндер шырқалды. Сондай-ақ, Ақан Сері атындағы мәдениет колледжі студенттерінің күшімен театрландырылған қойылымдар көрсетіліп және есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығының емделушілері, есірткі қолданудың салдарын: денсаулықтың жоғалуы, отбасындағы мәселелер, заңның бұзылуы, әлеуметтік байланыстардың бұзылуы және есірткіні пайдалануға алып келетін басқа да көптеген мәселелерді ашып көрсетті.                                                                                                                                                                                    Акцияға Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу  орталығы белсене қатысып, сондай-ақ Н.Конуспаев филармония сахнасынан психобелсенді заттарды қолдану кезінде АИТВ-жұқпасының зиянды әсері мен жұқтыруы туралы айтып, балаларды белсенді өмір салтын жүргізуге және рухани, интеллектуалды, физикалық тұрғыда дамытуға шақырды.            

Бұдан басқа, ЖИТС АОО мамандары ғимараттың фойесінде ақпараттық бұрыш орнатты, онда әрбір ниет білдіруші АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша, ақпараттық-білім беру материалымен танысып, мамандардан кеңес алуына, АИТВ-инфекциясына жедел тестілеуден өтуге мүмкіндік алды. Жалпы іс-шараға 250-ден астам адам қатысты.

 

барлық жаңалықтар »