Ашық есік күні

 

Сәуір 23, 2019

19.04.2019 Атырау облыстық ЖИТС орталығында кәсіптік ориентация жұмысын қалыптастыру  мақсатында мектеп оқушылары арасында ашық есік күні ұйымдастырылды.

Оқушыларға ЖИТС орталығының жұмысы түсіндіріліп,лабораториядағы қанды тексеру  әдістері көрсетілді. Шағын экскурсиядан кейін, ЖИТС орталығының мәжіліс залында оқушылар мен орталықтың дәрігерлері ойларымен алмасты. Оқушылар болашаққа бағытын айқындап, ынталарын күшейтіп алды.

барлық жаңалықтар »