Ақтөбе қаласында семинар-тренинг

 

Сәуір 23, 2019

2019 жылы 19 сәуірінде облыстық ЖИТС алдын алу орталығында «АИТВ-жұқпасының таралуының анасынан баласына берілу жолдарының алдын алу. АИТВ - ға экспресс-тест қою сапасын бақылау» тақырыбында семинар-тренинг өтті. Қатысушылар аудандық босандыру ұйымдарының мамандары.

Босандыру мамандары үшін ұйымдастырылған семинар АИТВ - ға экспресс-диагностика жүргізетін медицина қызметкерлерінің құзыреттілігін және жүргізілетін экспресс талдаулардың сапасын бағалау үшін, сапаны сыртқы бағалау бағдарламасына қатысу шеңберінде өтеді. Семинарға қатысушылар кептірілген пробиркалық үлгісін пайдаланып, «Құрғақ пробирка» әдісінің көмегімен экспресс тестін сапасын қадағалауды практикалық түрде ұйренді.

КПҮ-бұл кептірілген пробиркалық үлгі, ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) әзірлеген жаңа тұжырымдама. Ол кәсіби тестілеу бағдарламалары мен сапаны бақылау материалдарына үнемді және практикалық балама ретінде пайдаланылады. Осы бағдарлама ЖИТС орталықтарының зертханалары деңгейінде іске асырылады.  Экспресс тестілеу сайттары: облыстық және қалалық перинаталдық орталықтардың перзентхана бөлімшелері, сенім пункттері және достық кабинеттері үшін Қазақстанда алғаш рет 2018 жылы КПҮ пайдалану арқылы сапаны сыртқы бағалау бағдарламасы басталды.

2019 ж. арналған жоспарларда сапаны сыртқы бағалауға қатысу үшін Ақтөбе облысының барлық аудандық босандыру мекемелерін қамту жоспарланып отыр.

барлық жаңалықтар »