Павлодардағы ашық есіктер күні

 

Наурыз 1, 2019

Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығында көктемнің алғашқы күндері Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған Ашық есіктер күні өткізілді.

ЖИТС орталығынң мамандары – гинеколог, педиатр, инфекционист, дерматолог дәрігерлер осы күні әр алуан сұрақтар бойынша кеңес алғысы келген пациенттерді қабылдады. ЖИТС ОО-ның достық кабинеті қала тұрғындарын анонимді тестілеуден өткізді.

        «Ты не один» қоғамдық қорының волонтерлері жұмысқа белсенді араласты: жастармен әңгімелер өткізді, АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша ақпараттық білім беру материалдарын таратты.

        Ашық есіктер күні Ақсу және Екібастұз қалаларында да өткізілді.

 

барлық жаңалықтар »