АИТВ және ЖИТС туралы медициналық қызметкерлер білім алды

 

Ақпан 28, 2019

26 ақпан облыстық денсаулық сақтау басқармасының және Жамбыл облысы бойынша қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары үшін АИТВ және ЖИТС бойынша семинар өткізілді.

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының емдеу – алдын алу көмекті көрсету бөлімінің бастығы Фируза Ниязалиева ЖИТС пен ауыратын науқастарды емдеу клиникасы менемдеу принциптері туралы баяндама жасады. Облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог-дәрігері Цзи Александр Қазақстан Республикасында және Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы, АИТВ тестілеу түрлері жайында әңгімеледі.

Кездесу барысында тыңдармандар түрлі сұрақтар қатып, толық көлемде жауаптар алды.

Кездесу соңында ҚДҚД бастығының орынбасары Рахимов Күмісбек Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандарына өткізілген семинар үшін алғысын білдіріп, қатысушылардың алған білімдерінің маңыздылығын атап өтті.

барлық жаңалықтар »