Баспасөз релизі

 

Ақпан 28, 2019

                                                                      Баспасөз релизі                                          28.02.2019                                   

"Кемсітушілік заңдарын өзгерту үшін әрекет ет" атты ұраны бойынша  1 наурыз – «Кемсітушілік жоқ» күні аталып өтуде.

"Кемсітушілік жоқ" күні Біріккен Ұлттар Ұйымының АИТВ/ЖИТС жөніндегі Біріккен Бағдарламасы – ЮНЭЙДС-тің бастамасы бойынша 1 наурызда аталып өтіледі.  Осы жылы ЮНЭЙДС Кемсітушілік жоқ деп кемсітушілік заңдарын жою мақсатында әрекет етудің қажеттілігін аса ерекшелікпен айтуда. Кемсітушілік – бұл АИТВ мен ЖИТС-ке байланысты тиімді профилактика мен медициналық күтімді іске асыру жолындағы үлкен тосқауыл. Кемсітушілікке тап болу қорқынышы адамдардың АИТВ-ахуалын емдеуге және ашық айтудан адамдарды ұстап қалады. Кемсітушілік жоқ күні кемсітушіліктің барлық түріне нүкте қою мақсатында ниеттестіктің жаһандық қозғалысын құруға септігін тигізеді.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға (АӨА) қатысты стигматизациялау мен кемсітушілік айғақтарын жою өте қиын. Әлемде бұл проблемадан толығымен құтылған ел жоқ. Қазақстан Республикасы АИТВ-инфекциясына осалдылыққа әсер ететін және медициналық қызметтерге АӨА-дың қолжетімділігіне кедергі болатын факторларды жоюға арналған шараларды қабылдайды. Аурудың сипатына байланысты кемсітушіліктің қандай да бір түрін болдырмау туралы мемлекеттік кепілдемелері ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексінде және  Конституцияда заңнамалық деңгейде бекітілген. Елде АӨА-ға қатысты қоғамда төзімділікті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар үнемі жүргізіліп отырады. Бір жыл бұрын 2018-2019 жылдарға арналған АӨА стигмасы мен кемсітушіліктерімен күресу жөніндегі Ұлттық жоспарға қол қойылды, Алматыда  ЮНЕСКО кластерлік бюросы # АӨА стигмасы мен кемсітушіліктерін  төмендету бойынша ешкім де артық емес жобасын жүзеге асырды.

- «Қазақстанда АИТВ-инфекциясы індетін тиімді қадағалауға арналған барлық алғышарттар мен потенциалдар бар. АИТВ таралушылығын тоқтату үшін ең алдымен медициналық мекемелерде кемсітушілікті толығымен жоюға ерекше мән беру керек. Бұл жағдай АИТВ-инфекциясы індетінің өсу қарқынын айтарлықтай қысқартуға септігін тигізеді», - деп есептейді ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы директорының міндетін атқарушы Бауыржан Байсеркин.

Стигма мен кемсітушлікті жоюға көбірек көңіл бөле отырып, біз АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың мүмкіндігін арттырамыз, емін ала отырып, өмір сүру сапасы мен ұзақтығын жақсартуға септігімізді тигіземіз. Кемсітушлікті жою негізінде халықты аурулар туралы, алдын алу шаралары мен берілу жолдары туралы ақпараттандыру жатады.

 

Баспасөз қызметі  

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО)

Байланыс: Марина Максимова +7 777 225 4601

 

барлық жаңалықтар »