Астана қаласындағы АИТВ-инфекциясы және мерезге жедел-тестілеу жөніндегі жұмыстық кездесу

 

Ақпан 27, 2019

27 ақпанда Астана қаласында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақ  дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының, аймақтық ЖИТС орталықтарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың мамандары жыныстық жолдармен берілетін инфекциялар мен АИТВ-ны тестілеуді жетілдірудің мүмкіндіктерін талқылады.

- «Тұрғындардың осал топтарынан шыққандарды тестілеудің санын арттыру үшін бұл өте қажет. Атап айтқанда, ең алдымен АИТВ-инфекциясы солардың арасында таралады. Түйінді топтардағы адамдар (есірткі тұтынушылар, сексуалдық қызмет көрсететіндер, еркектермен жыныстық қатынасқа түсетіндер) көбіне сол тестілеумен айналысатын аймақтық ЖИТС орталықтарына келмейді. «Тең теңімен» қағидаты бойынша қызмет алу оларда сенімділікті арттырады. ҮЕҰ – бұл көмегімен ЖИТС қызметі АИТВ-ға тестілеуден өтетіндерді қамтуды айтарлықтай арттыратын және індетке қадағалау жасауды күшейтетін қор», — деп атап өтті ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО) директорының міндетін атқарушы Бауыржан Байсеркин.

Отырыста АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық Одағынан ҮЕҰ жағдайында АИТВ-ға жедел тестілеуді жүргізу бойынша арнайы нұсқаулық, сондай-ақ, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің базасында әзірленген жедел тестілеу бойынша оқу құралы таныстырылды. Бұл құжаттар ҮЕҰ-да тестілеуді сапалы түрде жүргізуге көмектеседі.

Сонымен қатар, қатысушылар ҮЕҰ базасында мерезге жедел-тестілеуді жүргізу мүмкіндіктерін де талқылады.

барлық жаңалықтар »