Баспасөз релизі

 

Ақпан 27, 2019

                                            Баспасөз релизі                            27.02.19                                    

 

Қазақстанда АИТВ-инфекциясы мен мерезге жедел-тестілеуден енді үкіметтік емес ұйымдарда өтуге болады

27 ақпанда Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының, аймақтық ЖИТС орталықтарының, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың мамандары АИТВ мен жыныстық жолдармен берілетін инфекцияларды тестілеуді жетілдірудің мүмкіндіктерін талқылады.

Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардағы АИТВ-ға жедел-тестілеудің қолжетімділігі жылдың инновациясы болды. Қызмет өткен жылы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар ҮЕҰ пилоттық жобаларда сәтті түрде мақұлданған.

- «Тұрғындардың осал топтарынан шыққандарды тестілеудің санын арттыру үшін бұл өте қажет. Атап айтқанда, ең алдымен АИТВ-инфекциясы солардың арасында таралады. Түйінді топтардағы адамдар (есірткі тұтынушылар, сексуалдық қызмет көрсететіндер, еркектермен жыныстық қатынасқа түсетіндер) көбіне сол тестілеумен айналысатын аймақтық ЖИТС орталықтарына келмейді. «Тең теңімен» қағидаты бойынша қызмет алу оларда сенімділікті арттырады. ҮЕҰ – бұл көмегімен ЖИТС қызметі АИТВ-ға тестілеуден өтетіндерді қамтуды айтарлықтай арттыратын және індетке қадағалау жасауды күшейтетін қор», — деп атап өтті ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы (ҚДИАҒО) директорының міндетін атқарушы Бауыржан Байсеркин.

Бүгінде Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың (АӨА) 84 пайызы өздерінің ахуалдарын біледі. Бұл айтарлықтай жоғары көрсеткіш. БҰҰ-ның 90-90-90 мақсатына 2020 жылға қарай қол жеткізуге барлық жағдайлар бар:АӨА-дың 90% өздерінің АИТВ-оң ахуалдарын білетін болады.Солай, түйінді топтардың үлесі тестілеу құрылымында 1,4% құрайды. Олардың арасындағы түйінді топтардың өкілдерін қоспағанда елдің жалпы тұрғындарының арасында 0,08 көрсеткішінде АИТВ-инфекциясын анықтау пайызы – 1,04%.

ДДҰ ұсынымдары бойынша жедел-тестілеу мен өзін өзі тестілеу әдістері әлемнің әрбір елінде кеңінен қолданылады және алдыңғы ретінде мойындалған. Қазақстандық ҮЕҰ жедел-тестілеу мүмкіндіктерін арттыру үшін басқа елдердің оң тәжирибелері зерттелді. ҚДИАҒО мамандары  алгоритмге, кеңес беру дағдыларына, ал оң нәтиже алынған жағдайда –ЖИТС орталығына әрі қарай зертханалық диагностикалаудан өту үшін және аутрич-жұмысшылар мен азаматтық белсенділердің АИТВ-ахуалдарын нақты қою үшін оқытты.

Отырыста АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық Одағынан ҮЕҰ жағдайында АИТВ-ға жедел тестілеуді жүргізу бойынша арнайы нұсқаулық таныстырылды, сондай-ақ, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық университетінің базасында әзірленген жедел тестілеу бойынша оқу құралы таныстырылды. Бұл құжаттар ҮЕҰ-да тестілеуді сапалы түрде жүргізуге көмектеседі.

Сонымен қатар, қатысушылар ҮЕҰ базасында мерезге жедел-тестілеуді жүргізу мүмкіндіктерін де талқылады.

 

Пресс-служба Казахского научного центра дерматологии и инфекционных заболеваний

Контакт: Марина Максимова marina_maximova@rambler.ru  +77772254601

барлық жаңалықтар »