«Тең теңімен оқыту әдісі Сәтпаев қаласының мектептерінде өтті»

 

Ақпан 25, 2019

«Тең теңімен оқыту әдісі» жасөспірімдер арасында жаңа білімді меңгеруге, біліктіліктерін дамытуға, салауатты өмір салтын қалыптастыратын өмірлік құндылықтарды түсінуге бағытталған тың әдістердің бірі болып табылады.

Осы шара аясында 2019 жылдың 19-ші ақпанында «Қазақмыс» корпорациясының Технологиялық колледжінде оқитын еріктілер тобы  (Г.Чернышов, А.Аяганов және  Б.Ким) Сәтпаев қаласының №7 және №25 мектептерінде аталмыш әдісті қолдану арқылы «Қауіпсіздік маршрутын» өткізген болатын. Іс-шарада  ақпараттар беріп  өте қызықты  өтті. Оқушылар тапсырмаларды белсенді орындап, өз жұмыстарын  қорғап, күрделі мәселелерді  сұрады еріктілер толық жауаптарын берді.

 Бұл еріктілер тобын ЖИТС-тің алдын –алу орталығының Жезқазған бөлімі  дайындаған болатын.

барлық жаңалықтар »