Көкшетау қаласының Красный Яр селосындағы акция

 

Ақпан 25, 2019

2019 жылдың 22 ақпанындаКөкшетауқаласының Красный Яр ауылындағы«Көкше»Мәдениетүйінде,Ақмолаоблысы полиция департаментініңесірткібизнесінеқарсыкүресбасқармасының, Көкшетауқаласы КҚПБ ювеналды полиция бөлімінің, Ақмолаоблыстық ЖИТС-пенкүресжәнеалдынорталығыныңұйымдастыруларымен"Сеніңтаңдауың" аттыкеңауқымды акция өтті.

Акцияға Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығының мамандары және «Сенім» есірткіге тәуелді тұлғаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығының емделушілері, сондай-ақ облыстың атақты спортшылары қатысты.

Акцияда қазіргі заманғы хиттер полиция департаментінің қызметкерлері, шығармашылық ұжымдардың орындауында әндер шырқалды. Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының маманы А.Кульбаева, Ақмола психикалық денсаулық орталығының психологы А. Альжанова психобелсенді заттарды қолдану кезінде АИТВ-инфекциясын жұқтырудың зиянды әрекеттері мен жұғуы туралы айтып, балаларды салауатты өмір салтын жүргізуге шақырды.Есірткіге тәуелді бұрынғы емделушілер нашақорлықтың не екенін біле тұра, өз өлеңдерін оқып, ән шырқап, жоғалған уақыт туралы айтып, жастарды есірткінің жауы болуға шақырды.

ЖИТС АОО мамандары ақпарат бұрышын ашып, онда әрбір адам АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ақпараттық білім беру материалымен танысып, мамандардан кеңес алып, АИТВ-инфекциясына жедел-тестілеуден өтуге мүмкіндік алды.Жалпы іс-шараға 500-ден астам адам қатысты: жалпы білім беретін мектеп оқушылары, Көкшетау қаласының Красный Яр селосының колледж студенттері.

барлық жаңалықтар »