Алматы қаласындағы баспасөз конференциясы

 

Желтоқсан 5, 2018

2018 жылғы 5 желтоқсанда Алматыда Қазақстандағы АИТВ және туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайға, сондай-ақ, оң АИТВ-ахуалы бар және туберкулезбен ауырып жазылған кәсіпкерлер мен жалданушы қызметкерлер тап болатын проблемаларға арналған баспасөз конференциясы болып өтті.

Баспасөз конференциясына ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталығының, Алматы қаласының ЖИТС орталығының, Ұлттық физиопульмонология орталығының, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық Одағының мамандары қатысты, олар АИТВ мен туберкулездің таралушылығы туралы және аурудың алдын алу жайлы сұрақтарға жауап берді.

Іс-шараға оң АИТВ ахуалы бар, туберкулезбен ауырып, жазылған кәсіпкерлер және кіші, орта және ірі бизнестің өкілдері қатысты, олар бұл  аурулар болған жағдайда Қазақстандағы бизнесті жүргізуге қатысты туындайтын мәселелер туралы айтып өтті.

Баспасөз конференциясының қатысушылары қоғамда, өкінішке орай,  АИТВ мен туберкулезге қатысты бірқатар әлеуметтік проблемалардың бар екендігін және олардың көбісі ақпараттың жетіспеушілігінен туындайтындығын айтты.

Соңғы жылдары түрлі елдің көптеген мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдары қоғамда АИТВ мен туберкулез туралы кең ауқымда ақпараттану бойынша қадамдарды қамдауда.

Атап айтқанда, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру аясында ҚР денсаулық сақтау министрлігі тұрғындардың хабардарлығын арттыру бойынша, соның ішінде, Қазақстандағы бизнеске АИТВ-ның, туберкулездің ықпалы – басекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің көрсеткіштерін жақсарту және стигманы, аурушылдықты төмендету мақсатында АИТВ-ның, туберкулездің алдын алу, емдеу туралы бизнес-құрылымдарды ақпараттандыруды арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуде.  

Алматы қаласындағы баспасөз конференциясы

барлық жаңалықтар »