Ақтөбе қаласының студенттеріне дәріс

 

Желтоқсан 5, 2018

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Қ.Жұбанов атындағы «АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында тарих факультетінің бірінші және екінші курс студенттеріне дәріс өтті. Дәрісті ЖИТС орталығының әлеуметтанушы С.Мұханбетжанова жүргізді.            Дәріс барысында жастар арасындағы АИТВ-жұқпасының берілу жолдары, диагностика, және алдын алу іс-шаралары талқыланды. Әлеуметтанушы стигма мен кемсітушілікке ерекше көңіл бөлді. Ол сондай-ақ студенттерді облысымыздың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып және ЖИТС орталықтың достық кабинетінің жұмысы туралы әңгімеледі.            Дәрістің соңында бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық оқу материалдары таратылды.

Ақтөбе қаласының студенттеріне дәріс

барлық жаңалықтар »