Есік қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында акция өтті

 

Қараша 16, 2018

15 қарашада Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлерімен бірлесіп, Есік қаласының Халыққа қызмет көрсету Орталығында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған акция өткізді.

Аудан тұрғындары бұл күні экспресс әдіспен тексерілуден өтіп, өзінің АИТВ-мәртебесін білуге, сондай-ақ қандағы глюкоза мен холестерин құрамына анализдер тапсыруға, қан қысымын өлшеуге, мамандардың кеңесін алуға мүмкіндік алды.

Медиктер АИТВ-ның берілу жолдары, оның алдын алу шаралары туралы айтып, халықты АИТВ-жұқпасына  тексеруден өтуге және өзінің мәртебесін білуге шақырды. Нәтижесінде 55 адам экспресс-тестілеуден өтті.

барлық жаңалықтар »