Алматы облысында психоәлеуметтік жұмыстың негізгі аспектілерін түсіндірді

 

Қараша 16, 2018

15 қараша күні Қаскелең қаласындағы «Алтын ауыл»  орта мектебінің мәжіліс залында Қаскелең, Жамбыл, Іле, Талғар аудандарының мектеп директорларының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен психологтарына арналған семинар өтті.

Семинар мақсаты – жасөспірімдердің мінез-құлқына қауіп төндіретін факторлар бойынша мектеп психологтары мен медицина қызметкерлерінің білімін тереңдету, мінез-құлқына қауіп төнген топтардың жасөспірімдерімен психоәлеуметтік жұмыстың негізгі аспектілерін түсіндіру.

«Оперейшн Мерси»  ҚҚ халықаралық жаттықтырушысы Г. Ильясова өз сөзінде АИТВ-ның алдын алу мәселелері бойынша мұғалімдер мен оқушылардың ақпараттану мәселесіне тоқталып, АИТВ-инфекциясының берілу жолдары туралы ақпаратты ата-аналар мен оқушыларға дұрыс  жеткізу және сонымен бірге АИТВ-оң мәртебесі бар адамдарға толерантты қарым-қатынасты қалыптастыру маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Ал Алматы облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-эпидемиологы А. Сұлтанова ҚР мен аймақтағы  эпидемиологиялық жағдай бойынша негізгі мәліметтер туралы слайд-презентациясын ұсынды.

Іс-шараға 303 адам қатысып, 200 АОҚ таратылды.

барлық жаңалықтар »