Ақмола облысының білім қызметкерлері арасында Онлайн-конференциясы

 

Қараша 16, 2018

2018 жылдың 14 қарашасында Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығымен бірлесіп "Білім беру жүйесіндегі мәселелері мен шешімдері" тақырыбында онлайн-конференциясын өткізді. Атбасар, Бурабай аудандарының және Степногорск қаласының педагогтары белсенді қатысты. Барлығы 30 ұйым қатысты.

ЖИТС  ОО педагогы- А. Кульбаева, конференцияның қатысушыларымен сәлемдесіп, Ақмола облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын, жасөспірімдер мен жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуы туралы айтып берді. АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың  таңбасы мен кемсітушілігі туралы, берілу жолдары мен алдын алу шараларын еске салды. Бірлескен алдын алу іс-шараларын өткізуді және облыстағы ЖИТС-пен күрестің дүниежүзілік науқанына белсенді қатысу бойынша тараптардың өзара іс-қимылын күшейтуге шақырды.

         Ақмола облыстық психикалық денсаулық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Г. Мухамедьярова, "Жасөспірімдер арасында ПБЗ қолданудың алдын алу. Жаңа психобелсенді заттардың қауіптілігі» атты тақырыбында баяндама оқыды. ПБЗ қолдану кезіндегі айқын белгілері туралы әңгімелеп, педагогтарға назар аудару керектігін айтып, сондай-ақ жаңа психоактивті заттардың зиянды әсері, ағзаның тез бұзылуы туралы баяндады. Синтетикалық есірткінің өте баяу ыдырайтынын және ағзадан шығарылатынын белгілеп айтты. Кейбіреулері өзінің жойқын әрекетін жалғастыра отырып, ешқашан шығарылмайды.

         Онлайн-конференцияның қорытындысы бойынша, АИТВ-инфекциясының алдын алуы, ПБЗ қолданудың алдын алуын және салауатты өмір салтын насихаттау шараларын жандандыру бойынша ұсыныстар берілді.

барлық жаңалықтар »