Ақтөбе қаласындағы ЖИТС-пен күрес Дүниежүзілік кампания аясындағы баспасөз конференциясы

 

Қараша 16, 2018

2018 жылдың қараша айының 15-нде Ақтөбе облыстық ЖИТС орталығында «Өз мәртебеңді біл» Дүниежүзілік кампания аясында баспасөз конференциясы өтті.

Баспасөз конференциясына Ақтөбе облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы бас дәрігерінің орынбасары Әлия Шапиева, ЖИТС орталығының бөлім меңгерушілері және панкратион бойынша әлем чемпионы, ММА бойынша Азия чемпионы, ММА бойынша әлем чемпионатының жүлдегері Сергей Морозов және панкратион бойынша әлем чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері, Қазақстанның бірнеше мәрте  чемпионы Жалғас Жумагулов, панкратионнан әлем чемпионатының жүлдегері, грэпплингтен Қазақстан чемпионы, грэпплинг спортынан Қазақстанның бас төрешісі Талғат Уразалин қатысты.

барлық жаңалықтар »