Астана қаласында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында баспасөз конференциясы өтті

 

Қараша 15, 2018

2018 жылдың 15 қарашасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Астана қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, полиция департаменті, "Жария", "Шаг  будущее", "Human Health Institute", "Жизнь вопреки" үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері үшін баспасөз конференциясы өтті.

Іс - шараның басты мақсаты - қоғам мен азаматтардың назарын АИТВ-ға тестілеудің маңыздылығы мен маңызына, тест нәтижесі оң болған жағдайда уақтылы емдеу қажеттілігіне аудару.

ЖИТС орталығының бас дәрігері С.Б. Абдраимов «Өз мәртебеңді біл» ұранымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясының басталғандығы туралы жариялап, АИТВ-ға тестілеуден өту және өз мәртебеңді білу – АИТВ-ның алдын алу қағидаларының бірі және өз денсаулығыңның сақталуына бірден бір жолы екенін атап өтті. Жүргізіліп жатқан зертханалық зерттеулердің сенімділігін, халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның алдын алу бойынша үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде толығырақ тоқталып өтті.

Баспасөз-конференциясы соңында, халықтың негізгі топтары арасындағы атқарылып жатқан жұмыс бойынша, емделушілерге берілетін психологиялық көмек, АИТВ-ны жұқтыру жауапкершілігі жөнінде сұрақтар қарастырылып, ауқымды жауаптар берілді.

барлық жаңалықтар »