Қараша 14, 2025

ШҚО-да «АИТВ-кеші» өтті: қабылдау, қолдау және денсаулыққа қамқорлық туралы әңгіме
ШҚО-да «АИТВ-кеші» өтті: қабылдау, қолдау және денсаулыққа қамқорлық туралы әңгіме
Қазақстан-Америка еркін университетінде «Қорқынышсыз өмір: қабылдау, қолдау және денсаулыққа қамқорлық мәдениеті» тақырыбында «АИТВ-кеші 2025» фасилитаторлық дискуссиясы өтті. Шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық-ағартушылық кампания аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның ұйымдастырушысы — Шығыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы. Кездесудің басты мақсаты — жастардың АИТВ-инфекциясының алдын алу мәселелері жөніндегі хабардарлығын арттыру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру және АИТВ-ға қатысты стереотиптерді жоюға ықпал ету. Дискуссияға медициналық қауымдастық өкілдері, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, сондай-ақ Қазақстан-Америка еркін университетінің бизнес, құқық және педагогика факультетінің декан орынбасары, қоғам қайраткері — Гүлжан Бақытбекқызы Еділбаева қатысты. Кездесу барысында қатысушылар қабылдау және өзін-өзі қолдау, АИТВ-нің алдын алуда отбасы мен қауымдастықтың рөлі, стигманы еңсеру жолдары, сондай-ақ қорғаудың және тестілеудің заманауи әдістері туралы пікір алмасты. Ашық диалог форматы студенттерге сұрақтар қоюға, өз пікірлерімен бөлісуге және мәселені нақты өмірлік оқиғалар арқылы түсінуге мүмкіндік берді. Талқылау соңында қатысушылар АИТВ – үкім емес екенін атап өтіп, өз денсаулығына қамқорлық пен тұрақты тестілеу – өмір мен денсаулыққа жауапты көзқарастың табиғи бөлігі екенін еске салды. толығырақ »

Қараша 14, 2025

Тексер! Таны! Өмір сүр!
Тексер! Таны! Өмір сүр!
Осындай ұранмен Алматы қалалық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері №11 мекемесінің жасөспірімдеріне арнап акция өткізді. Акция Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында ЮНЭЙДС-тің «АИТВ-ге қарсы әрекетте – өзгерістерге жол» ұранымен ұйымдастырылды. Медицина қызметкерлері қатысушыларға АИТВ жұғу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтып, алдын алу бойынша білім деңгейін анықтау үшін блиц-сұрақтар қойып, ауру төңірегіндегі мифтерді түсіндірді. Жасөспірімдер викторинаға қызығушылықпен қатысып, сұрақтарға жауап беріп, нәтижелерді талқылады. Барлығы өз сыйлықтарын алды. «АИТВ» тақырыбындағы синквейн қатысушыларға білімдегі олқылықтарды толықтыруға және іс-шараға эмоционалды реңк беруге көмектесті. Іс-шара барысында АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға толеранттылық таныту мен қолдау көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Интерактивті бөлімде жасөспірімдерге шынайы өмірлік жағдайларды талдау ұсынылды. Бұл олардың қандай әрекеттер қауіп төндіретінін, ал қайсысы тек жалған түсінік екенін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді. толығырақ »

Қараша 14, 2025

SDU University студенттері АИТВ жайлы ашық талқылап, мифтерді бұзды
SDU University студенттері АИТВ жайлы ашық талқылап, мифтерді бұзды
2025 жылдың 13 қарашасында Қаскелең қаласындағы SDU университетінде «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен ерекше акция өтті. Іс-шара дәстүрлі семинар форматында емес, «ВИЧеринка» түрінде, яғни жастарға арналған интерактивті, ашық атмосферада ұйымдастырылды. Кездесуге 50 шақты студент қатысып, ерекше қызығушылықпен мамандарға тікелей сұрақтарын қойды. Науқан Алматы облыстық ЖИТС-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, «Доверия плюс» қоғамдық қоры және «Teenergizer» қозғалысы мамандары мен бірлесіп ұйымдастырылды. Басты мақсат - жастардың АИТВ инфекциясы туралы білім деңгейін көтеру және қоғамдағы жаңсақ пікірлерді жою. Алматы облыстық ЖИТС орталығының инфекционист дәрігері С. Махмутова студенттердің сұрақтарына жауап беріп, АИТВ туралы ең көп тараған қате түсініктерді жоққа шығарды. «Доверия плюс» ҚҚ-ның кеңесшісі С. Кабжалелов, АИТВ-мен ашық өмір сүріп жүрген адам ретінде, өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісті. Ол диагноздан кейінгі өмірі туралы қолдаудың, хабардарлықтың және әлеуметтік қабылдаудың маңыздылығы жайлы айтты. «Teenergizer» ұйымының резиденті Т. Молдағали АИТВ туралы ең маңызды деректермен бөлісіп, кең тараған мифтерді жоққа шығарды. Іс-шараның интерактивті бөлігінде студенттер АИТВ туралы сұрақтардан құралған 15 сұрақтық Kahoot онлайн-викторинасына қатысты. Жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды. Студенттер мамандарға ашық әңгіме мен пайдалы ақпарат үшін алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулер қорқынышты сейілтіп, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйрететінін атап өтті. Осындай науқандар Алматы облысының барлық өңірлерінде тұрақты түрде өткізіліп, жастар арасында АИТВ тақырыбына деген толерантты және саналы көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.   толығырақ »

Қараша 13, 2025

Астаналық дәрігерлер вирусты гепатитті емдеудің қолжетімділігін талқылады
Астаналық дәрігерлер вирусты гепатитті емдеудің қолжетімділігін талқылады
2025 жылғы 12 қарашада Астана қаласы АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы «Жизнь вопреки» қоғамдық ұйымымен бірлесіп Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні акциясы аясында алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының медицина қызметкерлеріне арналған жалпықалалық семинар өткізді. Семинар «АИТВ-мен ауыратын науқастарды басқару. Вирусты гепатит диагностикасы мен емдеудегі пациенттің жүру жолы. Пациенттің құқықтары мен міндеттері» тақырыбына арналды. АИТВ орталығы директорының міндетін атқарушы Д.В. Панченко сөз сөйлеп, АИТВ жұқтырған науқастар арасында вирустық гепатиттің алдын алу мен емдеудің маңыздылығын, ко-инфекциямен ауыратын науқастарды динамикалық бақылау мәселесін атап өтті. Қалалық гепатоцентрдің басшысы К.А. Шамсивалиева АИТВ және алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы мен гепатоцентрдің өзара әрекеттесу реттілігіне тоқталды, сонымен қатар пациенттерді емдеуге жіберу тәртібі де талқыланады. Семинар ұйымдастырушыларының айтуынша, қазіргі уақытта АИТВ-инфекциясы бар науқастарда созылмалы вирустық гепатиттерді емдеуге көп көңіл бөлінеді. Себебі АИТВ-инфекциясы вирусты гепатитке байланысты бауырдың зақымдануының дамуын тездетеді, әсіресе иммунитет тапшылығы бар науқастарда, өйткені ол қандағы ВГС- концентрациясының 2-8 есе жоғарылауына ықпал етеді, бұл асқынуларға және ұзақ емдеуге әкеледі. Іс-шараның соңында тараптар ко-инфекцияны емдеу бойынша одан әрі ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. толығырақ »

Қараша 13, 2025

«Қайрат» клубының футзал ойыншылары АИТВ-ға тестілеуден өтті және хабардар болуға  шақырды
«Қайрат» клубының футзал ойыншылары АИТВ-ға тестілеуден өтті және хабардар болуға шақырды
«Қайрат» футзал клубының футболшылары Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне орай «Сын - қатерлерден-АИТВ-ға жауап берудегі өзгерістерге» ұранымен өтетін ақпараттық науқанға белсенді қатысты. Ойыншылар АИТВ-ға жауап беру сөзден емес, нақты істерден басталатынын көрсетті.  Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары ниет білдірген барлық спортшылар мен клуб мүшелері үшін экспресс-тестілеу өткізді. Қатысушылар өздерінің АИТВ-мәртебесін тегін және жасырын түрде біле алды, сонымен бірге, мамандарға қорғаныс шаралары туралы сұрақтар қойды. Тестілеумен бірге спортшылар мен жаттықтырушылар үшін қорғаныс тәсілдері, тұрақты тексерулердің маңыздылығы мен АИТВ-ға байланысты жалған ақпараттар туралы ағартушылық әңгімелесу жүргізді. Медицина қызметкерлері заманауи терапия оң нәтижесі бар адамдарға толыққанды өмір сүру және спортпен шұғылдану мүмкіндігін беретінін атап өтті. «Қайрат» ойыншлары аталған бастамаларға қолдау көрсетеіндерін білдірді және спорт – денсаулық, төзімділік пен жауапкершілік идеяларын насихаттау үшін тиімді өріс болатынын ескертті. толығырақ »

Қараша 13, 2025

Алматы қаласының өрт сөндірушілері АИТВ-ға қарсы науқанға қосылды
Алматы қаласының өрт сөндірушілері АИТВ-ға қарсы науқанға қосылды
Алматы қаласындағы Өрт сөндіру қызметінің мамандандырылған жасағы Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне орай «Сын - қатерлерден-АИТВ-ға жауап берудегі өзгерістерге» ұранымен өтетін ақпараттық науқанға қосылды. толығырақ »

Қараша 13, 2025

Алматы қаласындағы №1 гимназияның  жүзден астам оқушысы АИТВ профилактикасы туралы білді
Алматы қаласындағы №1 гимназияның жүзден астам оқушысы АИТВ профилактикасы туралы білді
11 қараша күні Алматы қаласы ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мамандары Дүниежүзілік АИТВ-мен күрес күніне орай өткізіліп жатқан ақпараттық науқан аясында Алматы қаласындағы №1 гимназияның оқушыларына арнап тернинг өткізді. толығырақ »

Қараша 13, 2025

Алматының болашақ дәрігерлері АИТВ ның алдын алу шараларын зерттеді
Алматының болашақ дәрігерлері АИТВ ның алдын алу шараларын зерттеді
Алматы жоғары медициналық колледжінің білімгерлері АИТВ-инфекциясының алдын алуға арналған семинарға қатысты. Іс-шара Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған ақпараттық науқан аясында өтті. Қатысушылар алдында Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының тәжірибелі дәрігерлері сөз сөйледі. Спикерлер АИТВ-ның алдын алудың, диагностикалаудың және емдеудің заманауи әдістері туралы айтып, инфекцияны ерте анықтаудың маңыздылығын атап өтті. Семинар барысында қауіпсіз мінез-құлық, денсаулықты қорғау және вирустың таралуын болдырмау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Болашақ дәрігерлер медицина қызметкерлерінің халықты ағартудағы және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға стигманың деңгейін төмендетудегі маңызды рөлін ескертті. Кездесу барысында білімгерлер талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, заманауи дәрігерлердің салауатты қоғамды қалыптастыруға қалай ықпал ететіні туралы өз ойларымен бөлісті. Пациенттердің нақты оқиғалары да ұсынылды, бұл қатысушыларға мәселенің эмоционалды және әлеуметтік жағын тереңірек түсінуге көмектесті. Мұндай семинарлар білімгерлерге қажетті білім алуға ғана емес, сонымен қатар қоғамдық денсаулық мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға көмектеседі. толығырақ »

Қараша 12, 2025

Маңғыстауда дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан бойынша баспасөз конференциясы өтті
Маңғыстауда дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған науқан бойынша баспасөз конференциясы өтті
Маңғыстау облысында  1 желтоқсан – дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аясында  «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге» ұранымен науқан  басталды. Науқан аясында 10 қараша мен 10 желтоқсан аралығында облыс көлемінде түрлі ақпараттық, профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Негізгі мақсаты – АИТВ  індетіне қоғам назарын аударып, аурудың алдын алу, емделу және қолдау шараларына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету. Ауқымды акция аясында Маңғыстау облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында БАҚ өкілдеріне баспасөз конференциясы өтті. Онда орталық мамандары өңірдегі індеттің таралу жағдайы, алдын алу шаралары және тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек жайында кеңінен ақпарат берді. Журналистер де мамандарға сұрақтарын қойды. Науқан  кезінде өңірдің барлық аудандары мен елді мекендерінде түрлі бағыттағы іс-шаралар өткізіледі. Әскери бөлімдерде, ішкі істер органдарында, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, сауда орталықтары мен базарларда, вокзалдарда, жоғары оқу орындары мен мектептерде дәрістер, семинарлар, тренингтер ұйымдастырылады. Сондай-ақ халық арасында ақпараттық-білім материалдары таратылып, АИТВ инфекциясына жедел-тест тапсыру мүмкіндігі де жасалған. Сонымен қатар, 5 желтоқсан күні облыстық кітапханада ауқымдв қорытынды іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Маңғыстау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы тұрғындарды өз денсаулығына бейжай қарамауға, уақытылы тексеріліп, қауіпсіз өмір салтын ұстануға шақырады. толығырақ »

Қараша 12, 2025

Медицина студенттеріне арналған Ашық есік күні
Медицина студенттеріне арналған Ашық есік күні
Республика мен облыста 2025 жылдың 10 қарашасынан бастап Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған іс-шаралар өткізілуде. 11 қарашада Қызылорда облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында облыстық жастар денсаулық орталығы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандарының қатысуымен Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған "Болашақ" жоғары медициналық колледжінің студенттері үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты - жастар арасында АИТВ-ның таралу қаупін азайту және салауатты өмір салтын насихаттау. Эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С. Балықбаева студенттердің назарын салауатты өмір салтына және АИТВ жұқтыру қаупін төмендететін мінез-құлыққа аудара отырып, АИТВ жұқтыру жолдары мен ілеспе алдын алу шаралары туралы айтып берді. Ашық есік күні студенттер облыс орталығының жұмысымен танысты, семинар соңында ақпараттық-білім беру материалдары мен қорғау құралдары таратылды. толығырақ »