Маңғыстау облысында медицина қызметкерлердің білімін арттыру семинары

 

Ақпан 24, 2024

23-24 ақпанда Ақтау қаласында  «АИТВ-инфекциясының алдын алу, емдеу және диагностикалау, стигма және кемсітушілік» тақырыбында  екі күндік облыстық семинар өткізілді.

 

Облыстық семинар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті «Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі 2023-2026 жылдарға арналған шараларды іске асыру туралы» жол каратсын бекіту туралы ҚР ДСМ-нің 16 наурыз 2023 жылдағы № 155 бұйрығына және «Маңғыстау облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығы» ШЖҚ МКК-ның (бұдан әрі-АИТВ-орталығы) 2024 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ұйымдастырылды.

Жиынның мақсаты - АИТВ-инфекциясына жауапты  дәрігерлердің теориялық  білімін арттыру және облыста АИТВ-инфекциясына қарсы әрекет бойынша күрес шараларын  одан  әрі күшейту.

Екінші күнгі семинарды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бибізада Дүйсенбаева ашып берді. Алдағы уақытта бірлесіп, сапалы жұмыс жасауға шақырды.

Семинардың бірінші күні облыстың мемлекеттік емдеу сауықтыру мекемелерінен 54, екінші күні жеке медицина орталықтарынан 69 медицина қызметкерлері қатысты.

  • Семинар жеке өзіме ұнады. Өзімізге тың жаңалықтар, маңызды ақпараттарды алдық. Осындай семинарлар жыл сайын өткізіліп тұрса, біздің де жұмысымызға көмегі зор деп ойлаймын. Сондықтан орталық мамандарына үлкен алғыс айтамын, дейді облыстық фтизиопульмонология орталығы директорының орынбасары Құндыз Киркимова.

барлық жаңалықтар »