АИТВ-ға тестке тапсырыс беріңіз және оны өзіңіз жасаңыз! – енді Астанада да бар

 

Ақпан 22, 2024

22 ақпанда Астанада өткен дөңгелек үстелде "Астана қаласында АИТВ-ға өзін-өзі тестілеу" жобасының қорытындысы шығарылды. Жобаны "Шеврон" компаниясымен серіктестікте Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі Қазақстандық қауымдастық (КМПА) іске асырды.

Жобаның арқасында 2023 жылдың тамыз айынан бастап халықтың негізгі топтары үйлерінде АИТВ-ға өзін-өзі тестілеудің онлайн-сервисін (HIVTEST) пайдалана алуда. 

Онлайн-сервис алғаш рет Алматы қаласында "АИТВ індетін бақылау жөніндегі Алматы моделі" жобасы аясында пилотталды. Инновациялық модель ІCAP техникалық қолдауымен Өскемен, Бішкек, Ош және Душанбе қалаларына дейін кеңейтілді.

- "АИТВ – ға өзін-өзі тексеру қарапайым, жылдам, ыңғайлы, ең бастысы тегін және мүлдем құпия.  Бұл қызмет АИТВ жұқтыру қаупі бар адамдарға көмектеседі және тестті өздеріне ыңғайлы жағдайда жүргізе алады. Тестілеудің бұл түрі өзінің АИТВ-мәртебесін білетін адамдардың санын арттырып, оң нәтиже берген жағдайда – дереу емдеуді бастауы мүмкін", - деп атап өтті Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері Қанат Қырғызбайұлы Асқаров.

Онлайн тапсырыс беру және АИТВ-дан қорғау шаралары туралы бейне-нұсқаулықпен және анықтамалық ақпаратпен өз бетінше тестілеуге арналған жинақтарды тегін алу мүмкіндігі туралы негізгі топтарға мақсатты жарнама арқылы танылды. Жоба тесттерді алудың келесідей тәсілдерін таңдауды ұсынды: АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығында, ҮЕҰ – да, сәлемдемелер алу-беру терминалдары-тастаматтар арқылы немесе курьерлік қызметтің көмегімен.

Онлайн сервис пайдаланушыларының пікірлері бойынша қызмет ыңғайлы және уақтылы жасалған. Тапсырыстардың көбеюі халықтың, әсіресе жастардың АИТВ-ға өзін-өзі тексеруге қол жетімділігін кеңейтудің қажеттілігі мен мұқтаждығын көрсетіп отыр.

 

барлық жаңалықтар »