II мультидисциплинарлық дерматовенерологиялық білім беру академиясы

 

Қазан 27, 2023

26-27 қазанда Алматыда Дүниежүзілік псориаз күні қарсаңында халықаралық қатысумен III мультидисциплинарлық дерматовенерологиялық білім беру академиясы болып өтті.

Іс-шараны ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен және "Дерматовенерологтар, дерматокосметологтар және лепрологтар қоғамы" ҚБ серіктестіке отырып ұйымдастырды.

Мультидисциплинарлық дерматовенерологиялық білім беру академиясы - бұл ғалымдар мен дәрігерлер тері ауруларын диагностикалау мен емдеудің жолдары мен мүмкіндіктерін іздеудегі ең өзекті мәселелерді талқылау үшін жиналатын алаң.

Биылғы жылы жиын алаңында тек қазақстандықтар ғана емес, Қырғыз Республикасы мен Ресейдің осы сала өкілдері де бар. И.П.Павлов атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің лазерлік медицина орталығының ғылыми қызметкері, дерматоноколог дәрігер А.Крылов жарық технологияларын қолдана отырып, безеулермен ауыратын науқастарды басқару ерекшеліктері бойынша қызықты тәжірибелерімен бөлісті. С. Романов - биология ғылымдарының кандидаты, Мәскеу қаласынан келген ғылыми кеңесші аутоиммунды аурулардың, соның ішінде склеродерманың, аутоиммунды буллезді дерматоздардың заманауи диагностикалық критерийлерін ұсынды. Қырғыз Республикасынан келген дерматовенерологтар псориаздың клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктері туралы айтып берді.

Қазақстандық ғалымдар мен дәрігерлер тері ауруларының түрлі аспектілері бойынша, соның ішінде келесілер бойынша сөз қозғады:
- дерматологиядағы молекулалық диагностиканың жаңа интегралды тәсілдері,
- витилигоның ұзақ мерзімді фототерапиясы және тері қатерлі ісігінің даму қаупі,
- көрінетін симптомдардан тыс псориаздың ауыртпалығы,
- атопиялық дерматит кезінде демеуші емнің рөлі.

Академияның Дүниежүзілік психодерматология күніне арналған сессиясы ерекше өзекті болды. Дәстүр бойынша жас ғалымдар өздерінің баяндамаларын ұсынды, олардың арасында - ҚДИАҒО резиденттері де бар.

барлық жаңалықтар »