Алматы облысында акциялар Қонаев қаласынан басталды

 

Мамыр 17, 2023

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың  Дүниежүзілік  күніне арналған акциялар 17 мамыр 2023 жылы Алматы облысының орталығы - Қонаев қаласынан басталды.

Алматы облыстық ЖИТС орталығы алдын алу бөлімінің меңгерушісі Ләззат Абдукаримова мен эпидемиолог дәрігер Тоғжан Мырзағұлова Халыққа қызмет көрсету орталығында  келушілерге акцияның мақсаты мен міндетін түсіндіріп, ақпараттық-оқыту құралдарын таратты.

Сондай-ақ, акция аясында халыққа қызмет көрсету орталығының алдында АИТВ инфекциясын жедел анықтауға болатын жылжымалы сенім бекетінің көлігі тоқтап, қалаған адамға жедел тестілеу жасады.Нәтижесінде 76 адам тегін тестілеуден өтіп, өз АИТВ-статусын білуге мүмкіндік алды.

Сондай-ақ, Қарасай аудандық орталық ауруханасында Ашық есік күні ұйымдастырылды. Жергілікті тұрғындар қан қысымын өлшетіп, қандағы қант пен  холестерин құрамын білді. Сондай-ақ, эпидемиолог дәрігер Ерден Нұрмағамбетовтен  АИТВ/ЖИТС жайлы толықтай мәліметке қанығып,  дәрігерлік кеңесін тыңдап, жедел тестілеуден өтті.

Іс-шара кезінде 40 адам сілекей арқылы жедел тест тапсырып, сатустарын білсе, 50 адамға кеңес берілді, 200 ақпараттық-оқыту материалдары мен 432 мүшеқап  таратылды.

барлық жаңалықтар »