ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай

 

Желтоқсан 15, 2021

15 қарашада ҚДИАҒО-да озат қызметкерлер марапатталды.

ҚДИАҒО директоры А. Абишев салтанатты жиынды аша отырып, былай деп атап өтті:

- Еліміздің Тәуелсіздік жылдарында денсаулық сақтау саласында көптеген жетістіктер жасалды, жаңа заманауи ауруханалар салынуда, отандық медицина диагностика мен емдеудің ең озық технологияларын қабылдап, клиникалар соңғы буын жабдықтарымен жарақтандырылуда.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты:

"Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл"мерекелік медалімен:

- Өтегенова Әлия Қазиқызы

- Дзисюк Наталья Владимировна

- Алимова Халбинур Махмутовна

- Жетпісбаева Көркем Әбутәліпқызы марапатталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің алғысымен "Алғыс хатымен" Каримова Бибінұр Амангелдіқызы - бас экономист марапатталды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Құрмет грамотасы" Макымбаева Мадина Базарбайқызы - заң кеңесшісіне табысталды.

"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен Елизарьева Алла Викторовна - ЖИТС, туберкулезге және безгекке қарсы күрес жөніндегі Жаһандық қордың грантын іске асыру тобының МжБ бойынша менеджері марапатталды.

Ең құрметті марапаттардың бірі - "Еңбек ардагері" төсбелгісімен Нэлли Даниловна Дымкова марапатталды.

Салтанатты жиынға қатысқан ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Мухамедьяров Мұрат Елжасұлы С.Қасымбекова мен А. Таубаеваға құрмет грамоталарын тапсырды.

Әріптестерімізді құттықтаймыз!



барлық жаңалықтар »