Ақмола облысының аймақтық кәсіпкерлер палатасындағы жиналысы

 

Қантар 26, 2018

2018 жылғы 26 қаңтарда Ақмола облысының аймақтық кәсіпкерлер палатасында, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығының бас дәрігері К.Бурмагановпен және Ақмола облысының «Атамекен» АКП директоры К.Султанованың қатысуымен, Қазақстан бәсекеге жарамдылық жаһандық индекісін жоғарылату жөнінде жұмыс  жиналысы өтті.

 

2017 жылғы «АИТВ-инфекциясының бизнеске әсері» көрсеткіші жөнінде, әлемдік экономикалық форуымының бизнес-құрылымы басшыларының сауалнамаларының нәтижесі бойынша, Қазақстан 19 позициясын жоғалтты - 81-ші орыннан 100-ші орынға  түсті, алайда біз, АИТВ-инфекциясының таралуы деңгейі бойынша, І-ші орындамыз және АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі төмендігімен қолайлы елдер қатарының санына енеміз. Осыған байланысты, семинарлар, дөңгелек үстелдер, сауалнамалар мен әлеуметтік сұрақтар өткізуді, әлеуметтік желілерге, сайтқа ақпараттық материалдарды жайғастыруды, АИТВ-инфекциясының бизнеске әсері жөнінде, бизнес-құрылымы басшыларының арасында ақпараттық – түсіндіру жұмысын күшейту шешілген.

Бұқаралық ақпарат құралдары: газеттер, теледидарлар, қоғамдық жерлер мен сауда үйлерінде бейне айналымдары мен аудиороликтері, жарықдиодты экранда, қалалық көлікте, баннер дайындау арқылы, АИТВ-инфекциясының алдын алуы жөнінде тұрғындармен  ақпараттық жұмысын күшейту.

Жиналыс соңында, бекітілген жоспарға сәйкес, бірлескен жұмыс туралы хаттамасы дайындалды.

барлық жаңалықтар »