Қарағанды қ. тміржолшыларына арналған семинар – кеңес

 

Қантар 22, 2018

19 қаңтар 2018 ж. «Шатыр» ЖШС-де «2017-2019 жылдарға арналған сектораралық өзара іс-қимылды дамыту мен қоғамдық денсаулық сақтау қызметін құру» жол картасын іске асыру мақсатында қоғамдық денсаулықты қорғау мәселелері бойынша семинар – кеңес өтті.

Қатысушылар алдында дәрігер-эпидемиолог Б.Култанова сөз сөйледі, ондаол АИТВ-жұқпасы, оның берілу жолдары туралы нақты айтып берді және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілік пен стигмаға басты назар аударды. Сонымен қатар, АИТВ-жұқпасының тұрғындар арасында таралуын ескертуге арналған, АИТВ мен ЖИТС-ты алдын алу бойынша қол жетімді ақпаратты тұрғындарға жеткізу қажеттілігін айтты. Оның тағы бір тиімді әдісі қауіпсіз және жауапты жүріс-тұрысқа сонымен қатар салауатты өмірге бағытталған санитарлық-ақпараттық жұмыс болып табылады,

 Ісшараға барлығы 30 адам қатысты.

барлық жаңалықтар »