Жаһандық қордың портфолио менеджерімен кездесу

 

Маусым 5, 2025

4 маусымда ҚДИАҒО-ға ЖИТС, туберкулез және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қордың (ЖҚ) портфолио менеджері Цовинар Саканян жұмыс сапарымен келді.

ҚДИАҒО директорының м.а. Ұлықбек Медеубеков ЖҚ өкілін Қазақстандағы АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуалмен, "95-95-95" стратегиясын іске асырудағы жетістіктермен, халықтың негізгі топтарымен жұмыс істеу жағдайымен, сондай-ақ АИТВ-ға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2026-2030 жылдарға арналған жаңа Жол картасын әзірлеу туралы жоспарлармен таныстырды.

«Қазақстандықтардың 20 пайыздан астамы жыл сайын АИТВ-ға тестілеуден өтеді. Елімізде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған барлық 12 профилактикалық бағдарлама енгізілді», - деп атап өтті Ұлықбек Шалқарұлы.

Цовинар Саканян ЖҚ бағдарламаларын іске асырып жүрген командаға тиімді және мақсатқа сай атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді. Ол бүгінде Қазақстан АИТВ емдеуде инновациялық тәсілдерді енгізу саласындағы ізашарлардың бірі болып табылатынын атап көрсетті. Сонымен қатар ол жекелеген донорлар тарапынан қаржыландырудың ықтимал тұрақсыздығына назар аударды, бұл ұлттық салымды уақтылы жоспарлауды және күшейтуді талап етеді.

Сапар аясында АИТВ бағдарламаларының тұрақтылығын нығайту және институционалдық қолдау жөніндегі қадамдар талқыланды.

барлық жаңалықтар »