Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Маусым 4, 2025
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында «АИТВ инфекциясының кеш анықталу жағдайларын зерттеп-қарау тәртібі. АИТВ-инфекциясының бар болуына биоматериал алу ережесі» атты облыстық семинар өткізілді.
Іс-шараға Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық емдеу-алдын алу ұйымдарының емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, жалпы тәжірибелік дәрігер меңгерушілері мен ЖИТС бойынша жауапты медицина қызметкерлері қатысты.
Семинарды бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Қалметова ашып, қатысушыларды семинардың мақсат-міндеттерімен таныстырды.
АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі м.а. Г.Ахметова облыста жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық зерттеулер туралы баяндап, АИТВ-ның алдын алу бағытындағы шаралардың тиімділігіне тоқталды.
Сонымен қатар, емдеу-алдын алу көмек бөлімінің меңгерушісі Ф.Ниязалиева мен клинико-диагностикалық зертханасының меңгерушісі В.Каримова қатысушыларға өз бағыттары бойынша тәжірибелік және әдістемелік ақпарат ұсынды.
Семинардың басты мақсаты – мамандардың кәсіби білімін арттырып, АИТВ инфекциясын ерте анықтау, дұрыс диагностикалау және сапалы зерттеу жүргізу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
АИТВ-ның таралуын болдырмау – әрбір медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігі. Ерте анықтау – тиімді ем мен қауіпсіз болашақтың кепілі!