Обычная версия сайта
Қазақстан Республикасы,
Алматы қ, Райымбек Д-лы,60
+7 (727) 39742 23 Қабылдау бөлімі
+7 (727) 39742 17 Тіркеу орыны
+7 (727) 39742 06 Сенім телефоны
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Маусым 4, 2025
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 4 маусымда Жамбыл облыстық иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиын барысында орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі О.Абдикеримова қызметкерлерді мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың патриоттық борышы екенін атап өтті. Мемлекеттік рәміздердің - Ту, Елтаңба және Әнұранның - еліміздің егемендігі мен тұтастығының нышаны екені, олардың тарихы мен маңызы туралы айтылды.
Іс-шара елжандылықты арттыру, мемлекеттік нышандарға деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жиында орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, қатысушылар рәміздерге деген құрметтерін білдірді.