Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Сәуір 15, 2025
10-11 сәуірде Маңғыстау облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығында медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлерімен АИТВ-ның алдын алудың эпидемиологиялық жағдайы мен проблемалық мәселелері бойынша облыстық семинар өтті.
Семинарды облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры А.А. Сағымбаев.
Семинар барысында З.М. Берқалиева қатысушыларға облыстағы 2025 жылдың 3 айындағы эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді.
Орталықтың эпидемиолог дәрігері Набатгүл Сүгірова «Медициналық ұйымдарда эпидемиологиялық және клиникалық көрсеткіштер бойынша АИТВ-ға тестілеуді ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.
Яғни, медициналық көмекке жүгінген АИТВ-инфекциясының клиникалық белгілері бар науқастар АИТВ-инфекциясына тексерілу керек. Кейбір мекемелерде бұл көрсеткіш төмен. Медицина қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді.
«Біздің міндетіміз – бұл көрсеткішті арттыру», - деп атап өтті эпидемиологиялық қадағалау және АИТВ-инфекциясының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Зарина Берқалиева.
Уймдастыру-әдестемелік болім меңгерушісі Алтураев Галым қызметкерлердің бiлiктiлiгiн арттыру курстарын откизу мәселәсi туралы ақпарат берді.
Семинарда сонымен қатар «Стигма және кемсітушілік», «Зертханалық жұмыс кезеңінің негізгі бұзушылықтары және олардың зертханалық процестің сапасына әсері» тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Семинарға қатысушылар үлкен көлемде ақпарат алғандарын алға тартады.
-«Бұл семинар біз үшін өте маңызды, семинарда алынған ақпарат біздің жұмысымызға және орталыққа келушілерге пайдалы болары сөзсіз», - дейді Маңғыстау облыстық стоматологиялық орталығының эпидемиолог дәрігері Рысгүл Боздақбаева.
Семинарға 90 медицина қызметкері (қалалық емхана директорларының орынбасарлары, эпидемиологтар) қатысты.