Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
+7 (727) 39742 23 Qabyldaý bólimi
+7 (727) 39742 17 Tirkeý orny
+7 (727) 39742 06 Senim telefony
1414 Бірыңғай байланыс орталығы
Сәуір 14, 2025
Шымкент қаласының ЖИТС орталығында әрбір төртінші науқас қос инфекциямен – АИТВ және С гепатитімен ауырады. АИТВ-мен өмір сүретін адам үздіксіз өмірінің соңына дейін АРВ препараттарын қабылдайды. АРВ препараттарының гепатотоксикалық әсері және емделмеген СВГС нәтижесінде бауыр жетіспеушілігі мен өлім қаупі жоғарылайды, СВГС ем қабылдамау салдарынан науқастарда қосымша асқынулар көбейеді (бауыр циррозы, гепатоцеллюлярлы карцинома және т.б.). Сондықтан С гепатит жұқтырған АИТВ-мен өмір сүретін адамның гепатитін емдеу маңызды.
АИТВ-мен қоса гепатиті бар науқастардың емделу жұмысын оңтайландыру мақсатында ЖИТС орталығының бас дәрігері Б.Сырбек Денсаулық сақтау басқармасының медициналық кеңесінде «2025 жылдың 1 тоқсанында АИТВ/СВГС инфекциялы науқастарды вирусқа қарсы терапиямен қамтамасыз ету жағдайы туралы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамасында АИТВ+ВГС созылмалы гепатиті бар науқастардың гепатитін емдеу жағдайы, қиын мәселелерін (емханаларда вирусқа қарсы дәрілік заттардың қоры жеткіліксіз болуы, медициналық ұйымдарда АИТВ-науқастарды таңбалау мен кемсіту (стигма, дискриминация), науқастардың АИТВ-статусын жариялаудан қорқуы, науқастардың өз емханасына барудан бас тартуы) және оның шешу жолдары туралы айтып, өз ұсынысын білдірді.
Денсаулық сақтау басқармасының тапсырмасы бойынша бұл мәселе ЖИТС орталығының тарапынан ай сайын қадағаланып, 90 сайын Денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында қарастырылатын болды.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. А. Асылбеков қорытынды сөзінде: