АИТВ-ға жылдам тестілеу – ЮНЭЙДС 95-95-95 стратегиясының мақсаттарына жетуге жақындатады

 

Наурыз 12, 2025

        ЮНЭЙДС ұсыныстары бойынша Қазақстанда 2030 жылға дейін «95-95-95» стратегиясын іске асыру жоспары бекітілген. Соның ішінде алғашқы қадам, 95% - АИТВ-мен өмір сүретін адамдар өздерінің статусын білуі тиіс.

        Шымкент қаласының ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығы АИТВ-ға экспресс-тестілеу сапасын арттыру мақсатында қаладағы мемлекеттік және мемлекеттік емес медициналық ұйымдардың, сондай-ақ «Ай-ана» ҮЕҰ-ның мамандарына оқыту жүргізді.

       Іс-шараның мақсаты: АИТВ-ға капиллярлық қанды қолдану арқылы 4-буын экспресс-тестілеу нәтижелерін енгізу және бағалау бойынша және меншік нысанына қарамастан барлық медициналық ұйымдарда АИТВ жедел-тестілеуге жауапты қызметкерлер үшін пробиркаларда кептірілген бақылау үлгілерін (VPO/DTS) қалпына келтіру және сынау технологиясы бойынша оқыту.

       Тренинг барысында диагностикалық зертхана маманы С.Д. Сметова АИТВ-ға жедел-тестілеу нәтижелерін жүргізу және интерпретациялау әдістемесін түсіндірді. АИТВ-ға жедел-тестілеудің әртүрлі (оң, теріс, жарамсыз) нәтижелерінің мысалын  көрсетті. АИТВ бойынша жедел-тестілеудің нәтижелерін құру және бағалау бойынша практикалық сабақтар өткізді.

       Сонымен қатар АИТВ-ға тестілеу сапасын бақылаудың сыртқы бағалауы, зертханалық тексеру кезеңдері: алдын ала талдау (қан алу, сақтау, тасымалдау, ілеспе құжаттарды толтыру, жедел-тестілеу  және шығын материалдарын, жеке қорғаныс құралдарын (ҚҚҚ) сақтау ережелері мен техникасы,  аналитика (экспресс-тестілеу процедурасын жүзеге асыру, бағалау және түсіндіру), постаналитика («Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 26.01.2022 жылғы No 6 бұйрығына сәйкес журналды толтыру, нәтижелерді журналға жазу, нәтижелерді беру, қалдықтарды тиісті түрде кәдеге жарату және қан үлгілерін сақтау), жазбаша нұсқаулар (СОП), BPO/DTS үшін сапаны сыртқы бақылауды бағалау туралы ақпарат берді.                            

        Тренингке қатысқан қалалық перзентхана консультациялық-диагностикалық зертхана меңгерушісі К. Асаналиева:

          – «Мен үшін  бұл тренинг құнды болды. Мұнда АИТВ-ға тестілеудің 4-буын жүйесін құрудың өзекті тақырыптары талқыланды, жұмысым үшін жаңа және қажет  жайттарды білдім. Мен осы жерден алған ақпаратты консультативтік-диагностикалық зертханада пайдалана алатын болдым.  Салтанат   Досалиевнаға алғысым шексіз, ол слайдтармен, практикалық жаттығулармен барлығын сауатты, қолжетімді етіп түсіндірді» - деп ризашылығын білдірді.

 

барлық жаңалықтар »